IA-CENTR.RU порталының арнайы жобасы

Ашаршылық кезеңдеріндегі адамзаттың басынан кешірген қайғы-қасіреті


Саяси келіссөздер мен этникалық араздықты тудыратын тақырыптар, Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы ең қорқынышты беттердің бірі болып саналады.

Әрбір тарихи шежірелер мен жылнамаларда жалпы ашаршылық тудыратын қауіп-қатерлер мен індеттердің таралуы туралы тақырыптар көптеп кездеседі. Мысалы: табиғи апаттар салдарынан туындайтын (қуаңшылық, су тасқыны, қатты ауа температурасының көтерілуі мен төмен түсуі), зиянкестердің таралуы мен өсімдіктер мен жануарлар арасындағы індеттің өршуімен байланысты, түрлі сипаттағы соғыстар мен экономикалық дағдарыстардың себебінен пайда болатын, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемлекетердің басына түсетін нәубет жайлы әңгімелер көптеп кездеседі
Хll-ші ғасырдан XVII-ші ғасырдың басына дейін, Ресей патшалығының қала тұрғындарының арасында, ашаршылықтан 3,4 миллионға жуық адам қаза тапты деген болжам бар.
Мұндай апатты ашаршылық, Кеңес Одағы аумағындағы қоңыржай немесе субтропиктік аймақтардағы жазық дала тұрғындарының арасында, әр 10-12 жыл сайын қайталанып отыратын болған. Оған дәлел, Ескі Ресей патшалығының аумағындағы ғана (содан кейін Мәскеу княздігінің) жылнамаларында 1024, 1070, 1092, 1121, 1128, 1215, 1230-1231, 1279, 1309, 1332, 1422, 1442, 1512, 1553, 1557, 1570 жылдарындағы «ашаршылық» туралы баяндалады.
Бұған: құрғақшылық, артық нөсердің шамадан тыс жаууы, ерте аяздың түсуі, түрлі зиянкестердің пайда болуы сияқты түрлі себептер әсер етуі мүмкін.
Егін алқаптарының түсімінің аз болуы не тіпті егіннің шықпауының жиі болуы салдарынан, ашарашылық та өз кезегінде, тұрақты түрде қайталанып отырған.

XVIII ғасырда 34 егін алқаптары шығынға ұшыраса, ал ХІХ ғасырдың басынан бастап - 1854 жылға дейін 35 егін алқабы шығынға батқан.
Қазақстандағы тарихи дереккөздеріне сүйенсек, азық-түлік шаруашылығының күйзеліске ұшырауы, сонымен қатар табиғи апат жағдайларының салдарынан, төрт түлік малдың, жаппай қырылуы белең алған уақыт: 1855-1856 жж.; 1867-1868 жж.; 1879-1880 жж.; 1891-1892 жж.; 1903-1904 жж., 1910-1911 жж. - жұт жылдары деп аталатын болған.
Бұл жұт жылдарындағы жалпы қырылу, тек бірнеше облыстарды ғана емес, бүкіл қазақ даласын да қамтыған болатын. Ең ауыр жылдары кейбір елді-мекендерде малдың 72% -ы қырылып қалған болатын.
1880 жылы даланың орталық аймақтарында (Торғай, Ақмола және Сырдария облыстарында) мал азығының жетіспеушілігі себебінен, малдардың қырылу деңгейі 50% -ға жеткен (6 106 000 бас).
Егіннің күйреуі мен малдардың жаппай қырылуы салдарларынан
іш сүзегі, церви, тырысқақ, скарлатина, дифтерия және басқа да індеттердің жайлануынан, өлім-жітім деңгейі әр жұт сайын жоғарылап отырған.
1891 жылы тырысқақпен күресуге қатысқан Бүкілресейлік конгресстің материалдары бойынша, Ақмола облысында бір жұт ішінде 1717 адам ауырып, 891 адам қайтыс болған; Семейде - тиісінше 370 адам сырқаттанып, 205 адам көз жұмған; Жетісуда - 46 адам індеттеніп, 28 адам мерт болған; Сырдарияда - 12 455 адамның денсаулықтары ауырлап, 8785 адам көз жұмған; Торғайда - 296 адам ауру жұқтырып, 167 адамнан айырылған; Орал облысында - 6138 адамдардың денсаулықтары сыр беріп, 3121 адам мерт болған.

1930 жырдардағы ашаршылық:
Еуропа және АҚШ

Әлемдік жағдайдың мәнмәтінінде
Құрама Штаттағы жаппай аштық себебі «Ұлы тоқырау» атты экономикалық дағдарыс, «дефарминг» деген сөзбен аталған ұсақ фермерлік шаруашылықтардың кедейлік жағдайға түсуі болған.
АҚШ-тың Ұлттық кітапханасында сақталған америкалық украин тілдік «Українські Щоденні Вісті» (ары қарай – «УЩВ») газетінің 1932 жылғы тігіндісінде әр түрлі штаттарда жұмыскерлер мен жұмыссыздардың аштық жорықтарға шығуы туралы 200 аса хабарлама бар. Сол жылдардың «УЩВ» және де басқа газеттер 1931-32 жылдары аштықтың салдарынан қайтыс болған АҚШ азаматтарының саны 6-8 миллион адам деп зерттеген.

Еуропада жағдай бұдан жақсы болмаған. 1932 ж. Германияда 8 млн. жұмыссыздардың жартысы ашыққан. 1932 ж. қаңтарында Будапештте 960 мың тұрғындардың 200 мың жұмыссыздардың 150 мыңы ашыққан. 1932 ж. қарашада Каталония мен Тарагонаның 6 мыңнан аса шаруасы Мадридке аштыққа бола жорыққа шыққан.
Кишиневте орыс тілінде шыққан «Бессараб поштасы» газетінде 09.01.32 ж.: «Бессарабия соңғы 5 жылда 2 ашаршылық жылын бастан кешірді. «Диминеаца» газеті 07.11.32 ж.: «Кишиневте ашарлылыққа қарсы бүліктер доғарылмай жатыр». 1933 ж. сәуірде румын, австриялық, венгр және украин газеттері Румынияда ашаршылық салдарынан болған жаппай өлім-жітім жайлы. Жыл сайын аштықтан елде 120 мың бала көз жұмған. Поляк газеттерінің хабарлауынша 1933 ж. сәуірінде тек Лодзиде 60 мың ашыққан жұмыскер бүлік шығарған.
«Руде право» чех газеті 15.04.32 ж.: «Жандармдар мен ашыққан жұмыскерлердің қақтығысың нәтижесінде Сушь және Мост қалаларының аралығында екі жұмыскер мерт болды, бесеуі ауыр жарақат алды және он жеті жұмыскер жеңіл жарақат алды». Француз баспасөзінің дерегі бойынша жұмыссыздық пен ашаршылық 1931 ж. басталып, жаппай елге тараған.

1. Дәуір символы - «Мать Мигрантка» атты америкалық фотограф Д.Лангеның суреті ;
2. Америкалық жанұя;
3. Плакаттағы жазу: «Біз жұмыссыздардың балаларына тегін ас пен киім-кешек талап етеміз»;
4. Көп адамдарда тұрғын үйлеріне төлейтін ақшасы болмады. Соның салдарынан қаланың сыртында лашық үйлерден уақытша қоныстар пайда бола бастады, мысалы, Нью-Йорктегі Орталық саябағының аумағында;
5. Вашингтондегі қара нәсілділердің орамы, авторы - К. Миданс.

1930 жылдардағы Кеңес Социалисттік Республикалар Одағындағы ашаршылық

КСРО-дағы ең аты шулы және саяси қуғын-сүргін апаттарының бірінен қалған шежіре дастан
«Ашаршылықтың биік шыңырауы», атты қайғы-қасірет:
Сол кездің көрінісі ретінде:

«Телефон ессіз соғылды,
Құлақтың саңылауын қағып:
Қара көз, қалың жұрт қаймықты,
Ашаршылықтың өршуінен»,


В.В.Маяковскийдің 1927 жылы жазған, «Жақсы» атты өлеңінен үзінді
1891-1892 жылдардағы Ресей империясының тарихында есте қалған ауыр жағдайлардың бірі еді. Табиғаттың тылсым күші, ауа-райының қолайсыздық әрекетінің салдары, күздік және жаздық егістіктер мен бау-бақшаларға қатты зардабын тигізетін. Нәтижесінде нашар ауа-райының салдарынан 23 провинцияның егістіктері зардап шегіп, түрлі мәліметтер бойынша 400 мыңнан 2,8 миллионға дейін адам қайтыс болды деген болжам бар.
Одан кейінгі жылдары, ашаршылық, елдің әр түкпірінде бірнеше реттен қайталанып отырған. 90 миллион халқы бар Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының 35 провинциясын қамтыған, «Еділ бойындағы ашаршылық» атты жаппай ашаршылық 1921-1922 жылдары болып өткен.
1920 жылдардан кейінгі жағдай да, тоқшылық өмірмен ерекшеленбеді. 1925, 1927, 1929 жылдарында КСРО-ның түрлі аймақтарында да, жаппай ашаршылық қайталанып отырған.
Нәтижесінде, 1929 жылы РКФСР үкіметі ауылшаруашылық реформасын жүргізуге шешімін қабылдады. Оның бір бөлшегі ретінде ауылшаруашылығын бірыңғай ұжымдастыру, яғни ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасын жүргізу еді.
Себеп-салдарының белгілі бір көрінісі ретінде:
Ұжымдастырудан кейінгі алғашқы жылдары КСРО-ында жаппай ашаршылық орын алды, ал Совет Одағына қарсы, дұшпан болғандар бұл жағдайға, Совет Үкіметіне кінә артқан болатын. Болған жағдайға, әрине барлық тараптардан да жіберген қателіктер кездесіп тұрады, бірақ бұл қайғы-қасіретке, қолайсыз факторлардың толық кешені ғана нақты себеп бола алады. Нәтижесінде, ашаршылықтың Кеңес Одағында қамтыған аумағы 1,5 миллион шаршы метрді құрап, 65,9 миллион халық зардап шеккен.
Жаппай ұжымдастыру шаралары
Кез-келген белгілі бір жүйені өзгерту үшін келетін бұйрық «жоғарыдан» берілетін болса, қарапайым халық оған көнбесе, онда ол қатаң жағдайда, күштеу арқылы, мәжбүрлі түрде өтетін, бірақ ол халыққа ауыр соққы болып тиетін.

Ірілі-ұсақты шаруа қожалықтарын күштеп біріктіру, 1920 жылдардың басындағы совхоздардың үлгісіне ұқсас ету еді. Жүргізіліп жатқан ұжымдастыру шараларына, шаруалардың түсінбеушілік білдіруімен қатар, көп шаруалардың өз жұмыстарының сапасын арттыруға деген ынтасы да жоғалған болатын. Олардың ойында: «егер бұл қожалық жалпыға ортақ болса, онда ол қожалық, ешкімге тиесілі емес», деген тұжырым қалыптасқан болатын.

Жер жырту, егін егу, егін жинау секілді, ауылшаруашылық жұмыстарының сапасының күрт төмендеуі, алғашқы «колхоз» жылдарының ресми деректерінде кездеседі.

Ашық түрде шаруалардың өз міндеттерін қасақана орындамай, немқұрайлылықпен орындап, жұмыстарын жүргізуде жасырын қарсылық білдірулері де кездескен. Сонымен қатар, қызметінде, ақпараты жалтару ісі де ерекше байқалған, бұл кеңестік қылмыстық заңға сәйкес, шенеуніктің мемлекеттік жоспарды орындауда, есеп беру мәліметтерін қасақана бұрмалауы болатын.

Красноярск өлкесінің тарихшысы Д.Н.Верхотуровтың мәлімдеуінше, Қазақстандағы ашаршылықты зерттеу барысында, мысалы, колхозшылардың егілмеген жерлерді, қалай «егістік жерлер», - деп ақиқатты жалтарып айтылғаны да белгілі болған. Осылайша «үнемделген» астық дақылдарын сатылымға шығарылып немесе жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған, деген мәліметтер де кездеседі. Сол кездегі шаруалардың егістікті жинайтын құралдарын арнайы өз пайдаларына өзгерткендері жайлы мәліметтер бар. Яғни, егістік жерлерді жартылай бөлігін ғана жинайтындай етіп, яғни бидайдың бір бөлігін түбімен орып алмай, тек жарты бөлігін ғана оратындай етіп, егінді оратын құралды өзгерткендігі белгілі болды. Жартылай орылғаннан қалған бидайды, өздерінің тұрмыстарында немесе сатуға пайдаланған деген деректер кездеседі. Қазақстанда 1932 жылы колхоздар мен совхоздардың жалпы егіс алқаптарының аз дегенде 93% -ы егілген болатын. Бірақ, куәгерлердің айтуынша, 1931 жылы Талдықорған облысында, жалпы егіс алқабының 21,5% -ы мен Лепсі облысында, жалпы егіс алқабының 14% -ын жымқырған деген деректер бар. Ал кейбір жеке фермерлер, егін егуге жоспарланған жалпы жерлердің, тек 34%-ына ғана, егін еккені туралы айтылады.

Бұл, өз кезегінде: жоспарлау кезінде жіберілген қателіктер мен асыра сілтеушілікті пайдалану, жергілікті шаруалардың жағдайларын түсінбеу салдарынан болып отыр. Оның себебі, өз кезегінде мәжбүрлі түрде жоспарды орындауға алып келуге соқты. (Мысалы, Қазақстанда алыс-шалғай жатқан жерлердің барлығы бірдей құнарлы емес еді, тіпті кейбір аймақтарда бидай өсіруге мүлдем жарамсыз жерлер де кездеседі. Бірақ жоспар барлық аймаққа «бірдей келіп түсетін»). Жоғары биліктің нұсқаулығын, жоспарды орындауға барлық шаруалардың тырысып бағуы соншалық, кейде тіпті колхоздар мен жеке фермерлердің өздеріне де жейтін күнделікті нандары да қалмайтын. Оның үстіне, мемлекетке салық ретінде жеткізілген астықтың дұрыс сақталмауы салдарынан азық-түлік дақылдары бүлініп, тіпті жарамсыз да болып қалатын.

Бұл жерде, биліктің «ашкөздігінде» сөз болып отырған жоқ, бұл жерде әңгіме азаматтық соғыстың күйреуінен кейін халықтың әлі қалпына келе алмағандығында болып отыр. Ол кезде халық, қалалар арасында әлі хат арқылы байланысқа түсетін. Өнеркәсіптік жабдықтарды сатып алуға үлкен қаражат көздері қажет еді. Ал Батыс қазіргі тілмен айтқанда, КСРО-ына, халықаралық саудаға қатысу үшін өзінің саяси бағытын өзгертуге мәжбүрлеу мақсатында қолданылған тыйым салу сипатындағы экономикалық шараларын қолдануда еді. Яғни, өнеркәсіптік жабдықтарды алтын құймаларына да айырбастамай, тіпті жабдықтарды сатудан да бас тартқан болатын.

Ашаршылық кезеңінде, төлем ретінде, бірден-бір құнды «валюта» бағамы ретінде нан болып саналатын.

Дамокльдің ашаршылық семсерінен арылу және индустрияландыру жылдары ауыл шаруашылықтың тиімділігін күрт арттыру үшін, ауылдарды ауылшаруашылық техникаларымен толықтай жабдықтау бірінші мақсатқа қойылған болатын. Трактор, автомобиль, металлургия саласы (бұлар өз кезегінде, бір заттан осы құрал-жабдықтарды жасау үшін), зауыттар мен электр станциялары (осы зауыттың құрылғыларын іске қосу үшін), көмір шахталары (металл балқытуға арналған шикізат көздерінің) - бірінші бесжылдықтың «негізгі үлгі сызбасы» ретінде қабылданған болатын.
Өнеркәсіптің белсенді дамуына қарамастан, колхоздарда тракторлар мен басқа ауылшаруашылық техникаларының жетіспеушілігі байқалған.
Жұмыстардың көп бөлігі автоматты түрде емес, әлі де болса қолмен жасалатын болған.

1928-1933 жылдар аралығында КСРО-ында ауылшаруашылық өнімінің көлемі 20%-ға төмендеген болатын.
1930 жылы 6-шы тамызда, И.В.Сталин мырзаның КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.М.Молотовқа жазған хатында былай делінген: - «Нанды мәжбүрлі түрде, сыртқы нарыққа сатуға күштеп шығару керекпіз. Егер, біз астықты сыртқы нарыққа сатуға шығарсақ, онда несие алуға кішкене де болса мүмкіндік туады», - делінген

Саясаттағы алдын-ала қамдану шаралары

Ф.И.Голощекин - Ресей империясының, Витебск губерниясының тумасы, 1925-1933 жылдардағы Большевиктердің Бүкілодақтық Коммунистік партиясының, Қазақстан өлкелік комитетінің жауапты хатшысы, мал мен жерді белсенді тәркілеуді қолдаушылардың бірі болған. Ұжымдастыру саясатында, асыра сілтеушілік қолданғаны үшін, троцкисттерге деген жанашырлық білдіргені үшін, 1941 жылы тұтқындалып, ату жазасына кесілген.
Қайта қалпына келтіру, индустрияландыру мен ұжымдастыру саясаты, белсенді түрде ет сатылымы саясатымен қатар жүріп жатты.
Бүкіл Қызыл Армия әскерлерін, жалпы ірі қалалар мен өндірістік орталықтарды болшақ уақытта толықтай етпен қамтамасыз ету қажеттігі туралы И.В.Сталин мырзаның жеке бұйрығы берілген болатын.
Ет өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі ретінде Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы болып саналатын, себебі, КСРО-ғының ішіндегі ең көп мал басы Қазақ АКСР-ына тиесілі болатын.
Қазақ АКСР-ның Батыс облыстары - Солтүстік Кавказ аймақтарын, ал Оңтүстік облыстары - Өзбекстанның мақта өсіретін орталықтарын: Самарқанд, Ташкент және Наманган қалаларына ет жеткізулері тиіс еді.
Архивтегі деректерге сүйенсек, барлық мал түрлері тәркіленгендігі жөнінде дәлел-айғақтар бар: «республиканың барлық тұрғындарынан - оның ішінде, қазақтар мен өзге де ұлт өкілдерінен - төрт түлік малдың барлық түрлерін, соңғы қойларына дейін тапсырулары керек», деген бұйрықты көруімізге болады.
Мұнда, Қазақстан БКП ОК-нің хатшысы - Ф.И. Голощекиннің жіберген қателігі, ерекше орынды иеленді.
1925-1927 жылдары (жергілікті басшылар - О.К.Жандосов пен С.Х.Ходжановтың ұсыныстары бойынша) егістік жерлерді байлардан алып кедей-кепшіктерге үлестіру науқаны басталған болатын. Алайда, бұндай жер үлестіру үлгісі оң нәтижесін бермеді. Себебі: қазақтардың жерді рулық негізде, атадан балаға мұра ретінде қалдыруында еді. Ал жаңа жер телімдерінің «иелері» сот төрелігін, әділ түрде жүргізуді талап етіп, жер телімдерін байлардың өздеріне қайтарып беруді жөн көрген.
Ф.И.Голощекиннің (білімі бойынша - тіс дәрігері болғандықтан болуы керек), ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы тәжірибесінің аздығы мен қазақтардың өмір салты туралы білімінің жоқтығы салдары жұмысына кері әсерін тигізген еді. Қазақ зиялылар қауымы, «таптық жіктікті әлсірету мақсатында», төрт түліктің барлық түрін байлардан тәркілеуді ұсынды. Ф.И.Голощекин жергілікті басқарушылардың құлшыныстарының артуы арқасында төрт түлікті ұжымдастыру идеясын қолдап және оны белсенді түрде жүзеге асырған болатын.
Төрт түліктің ішінен, әсіресе сиыр мен қой, барлық жергілікті халықтан, соның ішінде кедейлерден жаппай тәркілене бастады. Индустрияландыру жұмыстарына еңбек етіп жатқан жұмысшы таптардың барлығын, етпен қамтамасыз ету мақсатында, станциялардың жанынан қасапхана алаңдары да салына бастады. Бұл, дайын мал еттерін, дәл сол жерден ірі қалаларға жеткізу мақсатында салынған.
Мал дәрігерлерінің бақылауы, санитарлық-гигиена шараларының қолданбауы салдарынан, көп ұзамай, қарапайым халық тоқтата алмайтын, жаппай індет өрши түсті. Халық қатты қиналды. 1933 жылы Қазақ АКСР-ның басшылығына, Қостанай облысынан жеделхаттар келіп түскен: «... Біз доңыз етін жеткізу міндетін орындай алмаймыз. Себебі, өңірде тек бір ғана доңыз қалды», делінген.
Осы еттерді жер-жерлерге жөнелту үшін жаппай тәркіленген малдардың есесінен, Қазақ АКСР-да жаппай ашаршылық туындады. Қазақ халқы, көмекке душар болғанымен, билік өкілдері тарапынан ешқандай қолдау таппады. Көшпелі мал шаруашылық адамдарынан, күнкөріс көздерін, төрт түлік малдарын тартып алып қойса олардың басқа айналысатын ештеңелері қалмайтын еді.

Табиғи-климаттық жағдайлар

Болуы мүмкін деген ықтимал қиыншылықтардың, ең сәтсіз уақытта туындауы - бұл Мерфи заңдарының бірі болып саналады. 1932-1933 жылдары дәл осындай қиыншылықтар қалыптаса бастаған уақыт еді. Оның үстіне бірыңғай қиыншылықтардың үсті-үстіне туындауы, ауылшаруашылығы дамуының ең тоқырау шегіне жеткен еді. Бұл жағдайға басқарушы-жұмысшы тап өкілдерінің жіберген қателіктерін қосқанда, қатал климаттық жағдайлардың ішіндегі құрғақшылық, қатты кері әсерін тигізген еді. Соның салдарынан егіншілікті одан сайын құлдырауға тап болды. Еділ жағалауы аймағында, Батыс Сібірде және Қазақстан аймақтарында жауын-шашынның мөлшерінің шамадан аз түсуіне байланысты астық түсімі күрт төмендеген болатын.

Егер 1928 жылы бүкілодақтық астық өндіруден Қазақстанның үлесі шамамен 9% -ды құраса, ал 1932 жылы, астық өндіру көлемі, бар болғаны 3% -ды ғана көрсеткен.

Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылық фермаларын, «отырықшы шаруашылыққа» айналдыру салдарынан малға жем-шөп жетіспегендіктен, малдар жаппай қырыла бастаған. Бұл, өз кезегінде, жергілікті басқарушылардың ойластырылмай жүргізілген саясатының арқасында болған,- деп білуде. Қысқы еріген жауын-шашынның салдарынан пайда болған қатты қар қыртыстарынан, ендігі қалған мал жаны тұяқтарын жаралап, кейде арам өліп те қалып жатқан. Кейде қатты бұрқасын аяздар мен қалың қар салдары, қар астындағы өсімдік тамырларымен қоректенуге кедергі болатын.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумы Комиссиясының шешуші қорытынды мәтінінде, «ұжымдастыру» кезіндегі нормативтік құқықтық актілерді зерттеу барысында, 1932 жылы ашаршылыққа әкеп соққан дерекөздер мынаны дәлелдейді: республикада 6 509 мың ірі қарадан - 965 мың бас мал қалған, 1928 жылы 18 566 мың тоқтыдан - 1932 жылы, тек 1 386 мың қой ғана қалған, 3 516 мың жылқыдан - 330 мыңнан бірер артық тұлпар қалған, 1 042 мың түйе жануарынан - 63 мың бас түйе қалған.

Республиканың жаппай ұжымдастыру шараларының жүргізілуі мен қатал табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан, көшпелі халық, дәстүрлі көшпелі шаруашылық өмір салтына ие болды. Тіпті қазақтың ұлы ақыны және ойшылы А.Құнанбаев, өз халқын көрші халықтардан егіншілік дәстүрін үйренуге шақырып, отырықшы егін шаруашылығы қазақ даласын, «жұт» қасіретінен, малдардың жаппай қырылу мен ашаршылық, қайғысынан арылуына мүмкіндік берер еді, деген.

Украина бір ғана табиғи апаттан емес, тұтастай қатар бірнеше ауыртпашылықтарды бастан өткерген болатын. 1932 жылдың көктемі, ерекше суық және жаңбырлы болды. Үнемі ылғалды ауа салдарынан, мал жануарларының арасында жұтқыншақ жолдарының індеті мен жазылмайтын жаралар пайда бола бастаған соң, мал жануарын мәжбүрлі түрде құрбандық жасауға тура алып келді. 1932 жылы Украина бойынша жылдық жауын-шашын көлемі нормасының сәуір айында 165%-ға, мамыр айында - 141%-ға, маусым айында - 186%-ға артық мөлшерде түскен болатын. Сонымен қатар, мамыр айында Харьков өңірінде жауын-шашынның орташа түсу көлемі 2,5 есе артса, Кировоград өңірінде - жауынның орта түсу деңгейі 2,6 есе артқан болатын. Сондай-ақ, маусым айында Чернигов маңында жауын-шашынның орта деңгейінің 255%-ы жауса, Сумы өңірінде нөсердің орта деңгейінің 233%-ы, Полтава аймағында жауынның орта деңгейінің - 227%-ы болса, Винница облысында орташа ылғалдың - 244%-ы жауған. Жалпы қосарлы температура жағдайында, ауа қалыпты деңгейден 1,5-2 есе төмен көрсеткен.

Табиғаттың қатерлі тылсым күші мұнымен аяқталған жоқ. Қатты нөсерден кейінгі, су шайылмаған жерлердің барлығына, артынша құрғақшылық орнап, шаңды дауылдар мен құрғақ желдер топырақ беті құнарлы қабатын, басқа жерлерге ұшырып алып кетті. Көптеген аймақтарда, температура деңгейі қалыпты шамадан бірнеше есе жоғары көрсеткішті бағалады. Мысалы, Жмеринка өңірінде - ауа температурасы орташа көрсеткіштен 4,9 градусқа жоғары болды. Кейбір аудандарда жаздың екінші жартысында жауын-шашын мүлдем жауған жоқ, соның есесінен ағаштардың жапырақтары қурап, аптапты ыстықтан шалғынды шөптер өртеніп жатты. Азды-көпті қалған малдарға беретін жем-шөптердің қалмауынан, біраз малды құтқару үшін оларды орманға айдауға тура келді.

Нәтижесінде егістікке қажетті мөлшерде ылғалдың болмауынан, егін алқаптары нашар жемісін берді. 1932 жылы Украинада бидай өнімінің орташа көрсеткіші әр гектардан 4,7 центнерді құрады, ал кейбір аймақтарда ол 3,9 центнерге әрең жетті, бұл алдыңғы, ашаршылық жылдарымен салыстырғанда екі есе нашар көрсеткіш болды. Жиналған астық дақылдарының дұрыс сақталмауы салдарынан улы саңырауқұлақ тұқымдары астыққа жайлап кеткен болатын. Оны пайдаланған адамдардың жүйке орталықтары қатты зақымдалып, соңы өлімге әкеліп соқтыратын ауруға алып келді. Украина КСР-ның жалпы халықтық қамтамасыз ету комиссариатының мәліметтері бойынша, 1932 жылы республикадағы зақымданған дақылдардың шығыны 40% -ға жеткенін мәлімдейді. Мұндағы жалпы мемлекет бойынша тек, Днепропетровск облысы ғана астықтың таза жоғары деңгейін көрсеткен. Аталған облыс, таза дәннің тек 65%-ын өндіруге қол жеткізген.

Осындай жағдай Ресей КФСР-да байқалған, мұнда: Еділ жағалауы мен Солтүстік Кавказ аймақтарынан жиналған астық 20 миллион тоннаға да жетпеген. Естеріңізге сала кететін болсақ: 1917 жылғы ашаршылық кезінде дәл осы аймақтардан 31,8 миллион тонна, ал 1913 жылы - 50,5 миллион тонна астық жиналған.

Ашаршылықпен күрес:

1930 жылғы, колхоздағылардың «Каховка» аумағындағы, аштыққан адамдарға арнайы жиналған, ауыр жүк көліктеріне тиелген астық дақылдары
Сол кездегі ашаршылықтың зардаптары мен олармен күресу шаралары жөнінде үкімет пен партияның, аптасына бірнеше рет басылым шығарылымдарымен кез-келген жұртшылық таныса алатын еді. Басылымдарда ашаршылықтан зардап шеккен аймақтарға, қандай көмек беріп жатқандары туралы шешімдері үнемі жарияланып отыратын. Олардың кейбір бөлігі «КСРО-дағы 1930-1934 жж. ашаршылық» тақырыбындағы жалпы РФ бойынша, Ресей Федерациясының Мемлекеттік Мұрағатында, Ресей Мемлекеттік Экономика саласы бойынша Мұрағатында, Ресей Мемлекеттік Әлеуметтік-Саяси Тарихи Мұрағатында, Федералдық Қауіпсіздік Қызметінің Орталық Мұрағаттарының құжаттамалар жинағында жарияланған.

1932 жылдың көктемінде Украина мен Солтүстік Кавказ елдерінде астық егінінің жиынтық терімінің төмен деңгейінің көрсеткіші белгілі болғаннан кейін, астықты экспортқа жөнелтуді тоқтату мен Ираннан астық сатып алу туралы келісім-шартқа отыру туралы Кеңес Үкіметі, алғашқы шешімді шығарған болатын.

1931 жылы Кеңес Одағында - астық экспорты 5,2 млн.т. құраса, 1932 жылы - астық экспорт деңгейі 1,8 млн.т. дейін қысқарған. Ал 1934 жылы астық экспорт көлемі 850 мың т. аз болған.

Сонымен бірге, Кеңес Одағы үкіметі ашаршылық жарияланған республикаларға, ет пен сүт өнімдерін міндетті түрде жеткізу рәсімдерін қайта қарастырған.

Осы кезеңнің құжаттары «қосымша бөлінуі тиіс» және «бұрын бекітілген нормалардан асыра орындалуы бірінші орында тұруы тиіс» деген тіркестермен, сонымен қатар И.В. Сталин мырзаның «берілуі керек», деген сияқты қарарларымен толықтырылып отырған.

1. «Қазақстанға азық-түлік көмегін көрсету туралы» 1932 жылғы, 10-шы наурыздағы, Саяси Бюроның шешімі.

2. 15 мамырдағы, 1933 жылғы, КСРО-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің, Қазақстан колхозшыларына 50% сүт өнімдерін беру туралы шешімі.

3. 1933 жылдың тамыз айындағы, КСРО-ындағы елді толықтай қамтамасыз ету жөніндегі, халық комиссариатының бұйрығы.
1934 жылы, 28-інші тамызда, И.В.Сталин мырзаның, Кеңес Одағы мемлекеттік шаруашылық қызметкері және коммунистік партия жетекшісі Л.М. Каганович мырзаға жазған хатында: «Әлсіз колхоздар мен мал өсіретін аймақтарға көмектесу үшін Қазақстанға 4 млн. пұт астық жіберілген. Бірақ, сол астықтан 600 мың пұт астық пайдаланылмай тұр» делінген.
Қазақстан, Украина және Солтүстік Кавказ елдеріндегі ашаршылық жарияланған аумақтарға, Ресейдің «Нечерноземье» аймағындағы егіннің жақсы шығуы көмек болып отыр. 1932 жылы, Ресейдің бұл, еуропалық бөлігінің ауылшаруашылық және өнеркәсіптік аймағы, ашаршылық жарияланған жерлерге астық жіберудің негізгі көзіне айналды.
Алайда, аштыққан адамдарға берілетін азық-түлік көмегінің барлығы толықтай мекен-жайларына жетіп жатқан жоқ еді. Мұның себептері де алуан түрлі болды. Мәселен, Қазақстанда, ашаршылық жарияланған аймақтардың шалғай орналасуы, жол тораптарының салынбауынан, сондай-ақ сол ауылдарға қатынайтын көліктердің мүлдем жетіспеушілігі салдарынан, адамдар өздеріне бөлінген көмекті, ұзақ күтуден, қайтыс бола бастады. Бұл, әсіресе қыс мезгілінде, яғни ашаршылықтың шырқау шегіне жеткен кезде, алыс-шалғай жатқан ауылдарға, азық-түлікті уақытысында жеткізе алмаудан қатты қиналатын.

Ашаршылықтан зардап шеккен аймақтарды қамтамасыз етуге жіберілген, азық-түлік сақталатын қоймаларға жақын жерде орналасқан кейбір үйлер, ішінара ұрлық жасап, оларды базарларға 3 есе қымбат бағамен сатқандар да кездесіп жатты.
Ұрлық жасады деген айыппен, тергеу нәтижесінің барысында бірнеше мың адам сотталған да болатын. Азық-түлік көмегі тек аштықтан күйзеліп отырған адамдарға ғана емес, сонымен қатар, азық-түлік тамақтары жеткілікті, жағдайлары жақсы деген де, отбасыларға да бөлінген жағдайлар кездескен. Бұндай оқиға, көп жағдайда, жоғарыдан бөлінген азық-түлік тауарларын, таратуға қатысатын адамдардың ата-аналарына, туыстарына, достарына бөлінгендігі байқалған. Сонымен қатар, ашаршылық қарсаңында астық қорларын жымқыру мен оларды өз адамдарына бөліп беру, жоғарыдан жіберілген «ашаршылыққа көмек көрсету ұйымдары» атты арнайы топтың адамдары емес, жергілікті қызметкерлердің жасаған құқық бұзушылықтары еді. Мәселен, Қазақстанда аудандық атқару комитеті құрамының 69%-ы, және ауылдық кеңестер құрамының 65%-ы жергілікті тұрғындардан тағайындалатын болған.
Жергілікті басшылардың осы жағдайға байланысты шешімдері, аймақтардағы ашаршылықты одан сайын тереңдеткен болатын. Украинада, нан өнімдерін дайындаудан бас тартқан шаруаларға қолданылатын шаралар жағдайды біраз қиындатты: астық нандарының шектеусіз ұрлануы салдарынан, шаруалар қоймаларындағы астық қорларынан айырыла бастады. Сонымен бірге (1932 жылдың, желтоқсанында) Украина КСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің шешімімен халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету шектелді.
«Украинадағы ашаршылық жайындағы кез-келген әңгімені мүлдем жоққа шығару керек. Украинаға көрсетілген байыпты көмектің арқасында, біз барлық осындай ыстық көтеріліс ошақтарын жоюға мүмкіндік аламыз», - деді Украина большевиктер Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің хатшысы С.В.Косиор, И.В Сталин мырзаға, 26 сәуір, 1932 жылғы жазған хатында.

Ашаршылықтың келтірген залалдары:

1932 жылғы Украинадағы ашаршылық
Ауылшаруашылығын реформалаудың жоспарланбаған саясаты мен үдемелі индустрияландыру мен ұжымдастырудың салдарынан болған ашаршылық, адам айтқысыз шығынға алып келді.

Демографиялық дағдарыстың ауқымын тура бағалап айту қиын. Ашаршылық салдарынан дүние салған адамдар жайлы нақты мәліметтердің тіркелуі, өте маңызды рөл атқарар еді. Бірқатар республикаларда халықты тіркеу санақ жүйесі мүлде болмаған (негізінен ол Орталық Азия елдеріне тән, бұл жердегі халық, көшпелі шаруашылықпен айналысқандықтан). Зардап шеккендер жайлы дереккөздер тек болжалды ақпараттардан ғана алынған.

2008 жылы Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы жанындағы арнайы комиссия «КСРО аумағындағы 1930 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске алу» атты зерттеу жариялаған болатын. Зерттеу жүргізген авторлардың болжалды мәліметтерінше, ашаршылық пен оған қатысты індеттерден, 1932-1933 жылдарда адам өлімін 7 миллионға бағалаған.

Сонымен қатар, ең үлкен адам өлімі шығындары 1933 жылы орын алған: өлім-жітімнің жоғары деңгейі (табиғи көрсеткіштен басым түсіп) 2,25 млн. адамды құраған, бала туу тапшылығы - 1,6 млн. адамды көрсеткен.

Қайғылы оқиғаның зардабы, Кеңес Одағының барлық аймақтарында бірдей таралмады.
Қазіргі таңда жүргізіліп өткен санақтарға сәйкес, жаппай ашаршылық кезінде, құрбан болған адамдардың көпшілігі Еділ маңайы аймақтарына, Нечерноземьенің орталық аймағына, Солтүстік Кавказ елдері мен Орал және Батыс Сібірдің бір бөлігіне келеді. Алайда, бұл жерде өлім-жітім динамикасы да басқаша болатын. Мысалы, 1933 жылы Төменгі Еділ аймағында, 1932 жылмен салыстырғанда - 3,3 есе көп адам қайтыс болған.
Қазақстанда 1932 жылдан бері жаппай ашаршылық ерте басталған болатын. Түрлі зерттеушілердің пікірінше, ашаршылық кезінде Қазақстан аумағында тұрғындардың көп бөлігі, яғни жалпы халықтың 25% -ынан 50% -ына дейін құрбан болған деген пікірлер бар. Сол кезде, азаматтық хал актілерін тіркеуге арналған органдарының жазбаларының сақталмауы немесе жоқ болуы салдарынан, қазіргі таңда, сол кезеңдегі Қазақстандағы ашаршылықтың құрбандары болған халық туралы нақты дерек беру мүмкін емес болып отыр.
Жаппай ашаршылық кезеңінде өлімнің ең жоғары деңгейі Саратов әкімшілік орталығына (ауыл тұрғындарының 70%-ы және қала тұрғындарының 64%-ы), Азов-Қара теңізіне жақын жатқан маңайға (ауыл тұрғындарының 60%-ы мен қала халқының 42%-ы) тиесілі еді; соған сәйкес Солтүстік Кавказ (ауыл тұрғындарының 68%-ы мен қала тұрғындарының 36%-ы) және Сталинград облысында (ауылдың 38%-ы және қаланың 64%-ы) да, өлім-жітім тіркелген. Орталық Нечерноземье аймағы (ауыл халқының 33%-ы мен қала тұрғындарының 44%-ы) мен Батыс Сібір территориясында (ауыл және қала тұрғындарының 35%-ы) бұл көрсеткіштер біршама аз деңгейде болған.
Алғашқы ашаршылықтың құрбандары ретінде, КСРО халықтарының ең кедей топтары болды, олар: үйсіздер, босқындар, сондай-ақ, шаруаларды саяси қысу түрінде ыдырау салдарынан күйреген шаруалар қатары болды. Бұл жағдайда, қала халқына қарағанда, қалаға ұмтылған, әлсіреген көптеген ауыл халқы зор зардап шеккен.
Тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, В.В. Кондрашин (Мәскеу Мемлекеттік Университетінің ақпараттық-талдау орталығына арнайы берген сұхбатында) былай мәлімдеген: «1932-1933 жылдардағы демографиялық дағдарыс жағдайын, есепке алу ісі, болжалды негізде жүргізілген, бірақ біз, қазір осы жағдайды дұрыс, нақты есепке алу ісі бойынша мәліметтерге талдау жасауымыз керек. Ол үшін бұрынғы КСРО-ның барлық республикалары өздерінің мұрағаттағы дереккөздерін жариялаулары тиіс», - деді.




1932-1933 жылдары тек ашаршылық салдарынан ғана адамдар дүние салды ма? Еділ мен Оңтүстік Орал өңірінде азаматтық хал актілерін тіркеуге арналған органдардың, 65 аймақтық бөлімше мұрағатында, тек 3296 жазба ғана тіркелген. Онда шаруалардың өлімінің басты себебі ретінде: аштық пен қалыпты тамақтанудың бұзылуынан қатты әлсіздік пен шаршауды тікелей көрсеткен. Тағы бір, құрбан болғандар қатарына, түрлі жұқпалы эпидемияны: іш сүзегін, ішек бездерінің ауруларын жұқтырғандарды да жатқызған. Өз кезегінде мұндай ауруларды жұқтырғандар, тамаққа тәбетінің қашуы жиі байқалған.
Ашаршылықтан кейбір адамдардың аштыққаны соншалық, денсаулығына келетін қауіп-қатер, індеттің жұқтырып алуына қарамастан, ауруға шалдыққан малдың етін де, жеген жағдайлар кездескен.
Аштықтан әбден әлсіреген шаруалардың денсаулықтары, кез-келген ауруға төтеп бере алмаған.
Ауылдық жерлерде білікті дәрігер мамандардың жетіспеушілігі салдарынан адамдарды аман алып қалу дәрежесі де төмендеген.

«Ашаршылық» термині - саяси-әлеуметтік процестер салдарынан туындайтын әлеуметтік апат

Елдің даму бағыты мен заңсыз баға өсуі, экономикалық тұрақсыздықтың белгісі ретінде әрдайым халықтың жаппай қайғы-қасіретімен байланысты болатын тарихи оқиғалар себеп болып қала береді.
«Кеңес Одағының большевиктері, өз халықтарын мақсатты түрде жою үстінде», атты алғашқы мақаласын, неміс фашистік партиясының «Völkischer Beobachter» газетінде жарияланған болатын.
Бүгінде ашаршылықты - қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден адамдарды қырып-жойды, деген КСРО үкіметінің тарапына, жан-жақтан қатты айыптаулар тағылуда.
Бұл терминнің мағынасы нені білдіреді?
«Ашаршылық» ұғымының пайда болуы бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тапқан. Бұл - халықты ашаршылықтың шырқау шегіне жеткізіп, адамдарды жаппай қырып-жою деген мағынаны білдіреді.
Украинаға қоныс аударған халық өкілдері 1930 жылдары, бұл терминге жаңа түсінік енгізген болатын. 1933 жылдың күзінде, украиндықтар Кеңес өкіметінен, ашаршылықты тоқтатуды талап ету жөнінде, АҚШ, Польша және Румыния мемлекеттерінде жаппай көтерілістер ұйымдастырып отырған болатын. Украин КСР-дағы ашаршылықты, Еуропа мемлекеттерінің талқыға алып, сынап, айып тағуларын қалаған, Украинаның көші-қон шаруалары, Ф.Д.Рузвельттің қолдауын күтті.
Украин ұлтшылдарын қолдаған немістің нацистері, Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат шараларына, өз үлестерін қосқан болатын. Қарама-қайшылық іс-әрекеттеріне, қазақ жерінен шыққан қоғамдық-саяси қайраткер Мұстафа Шоқай да қатысты. Ол ашаршылықты - нақты бір халықты түбірімен жою үшін арнайы ұйымдастырылған,- деп алғаш рет мәлімдеген болатын. Неміс саясаткері, А.Гитлердің жақын серіктесі және адал ізбасарларының бірі - Д.И. Геббельс КСРО-на тағылған айыптауларды, халықаралық аренада Веймар Республикасының мүддесі үшін қолданды.
Алғаш рет неміс саясаткері Д.И.Геббельстің үгіт-насихат жүргізу жұмыстарында, Украин КСР-ында ашаршылықтан қайтыс болғандардың саны 7 миллион,- деп «нақты» жариялаған болатын.
Сол кездегі «алдыңғы, заманауи танымалдық заңдылығына» сүйеніп, жұмыс жасайтын, неміс фашистік партиясының «Völkischer Beobachter» атты газеті болды. Осы газетте алғаш рет большевиктердің, Кеңес Одағы халықтарын мақсатты түрде жаппай қырып-жоюының, негізгі идеясын жариялаған болатын.
1921 жылы Еділ аймағын зерттеу барысында түсірілген норвегиялық поляр зерттеушісі Ф.В-Я.Нансеннің қызмет бабында жасалған фотосуреттері, 1932-1933 жылдардағы украиндық ашаршылықты «сипаттау» кезінде алғаш бұрмаланып пайдаланылды. Батыстық БАҚ-да көп ұзамай бұндай келеңсіз бұрмаланған фотосуреттерді әшкереледі, бірақ қазіргі таңда, бұл фотосуреттер әлі де болса «1933 жылғы украиндықтарды өлтіру үшін өзенге астық лақтырған қарғыс атқандар» атты тақырыпта белсенді түрде жариялануда.

1921-1922 жылдардағы қабылданған, Ресейдің (Еділ, оңтүстік Орал, Қырым, Запорожье облысы) ашаршылыққа ұшыраған аймақтарына, арнайы гуманитарлық көмек көрсету үшін - ғалым, саяси және қоғам қайраткері, Ф.В-Я. Нансенге тапсырған жауапты міндеттердің бірі еді.

Норвегиялық зерттеушісі Ф.В-Я. Нансен, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру туралы Ұлттар Лигасы мен Қызыл Крестке үндеу тастаған болатын. «Ашаршылықпен күресу» халықаралық комитеті» мен қайырымдылық ұйымдары, 1922 жылдың жазында, 1,5 млн. аштыққан адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы, үндеуге жауап берген.
Қайтыс болған адамдардың мәйіттері мен аштықтан әбден қажыған адамдардың фотосуреттерін Ф.В-Я. Нансен, Ресей аймақтарына, поездбен барған іс-сапары барысында түсірген болатын. Бұл фотосуреттер, ашаршылықтан қатты қиналып жатқан адамдарға, көмек көрсету керектігін сомдайтын, «үгіт-насихат жүргізудің көрнекті үлгісі» болды.
1. 1920 жылғы, Еділ бойындағы ашаршылық кезінде, Бузулук зиратында қабірге қойылмаған бақилық болған адамдардың фотосуреті, Ф.В-Я.Нансеннің мұрағатынан;
2. Бузулук зиратының маңайында алты шаруа адамға, адамның етін жеді! - деп айып тағылған және желінген құрбандарының қалдықтарының көрінісі;
3. 1921 жыл, Саратов облысы, К.Г.Маркс қаласы;
4. 1921 жылғы ашаршылықтан аштыққан кәмелетке толмаған қыз баланың көрінісі.
1932-1933 жылдардағы жаппай ашаршылыққа КСРО-ын айыптауды әңгімелеу, Батыс Украинада ерекше қызығушылық талас тудыратын. Бірақ, Батыс Украинаның түгелдей жері, КСРО-ның құрамына 1932-1933 жылдардағы ашаршылық аяқталғаннан кейін, 6 жыл өткеннен соң ғана кірген болатын.
Мемлекеттердің бір-біріне деген дұшпандылық саясатының арасындағы қырғи қабақ соғыстың жаңа кезеңінің басталуы, бұрын-соңды болмаған жағдайды орын алғызған болатын. «Ашаршылық» оқиғасы, 1982 жылы АҚШ Конгресінің қылмыстық тергеу комиссиясының қолдауын тапқан болатын.

Американдық жазушы, тарихшы Дж.Р.А.Конкест ашаршылық терминін халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мен халық санының деңгейін бағалауда қолданушы еді. Оның 1950 жылдардағы қызметін, үкімет тарапы қаржыландырып отыратын болған. Тарихшы сол кезде, Сыртқы істер және достастық істер министрлігінің антисоветтік насихат бөлімінде қызмет еткен болатын. Дж.Р.А.Конкест жұмыс бабында «еркін қызмет» мәртебесін алғаннан кейін де, өзінің жұмысын жалғастыра берді, оның кітаптары АҚШ-ның Орталық Барлау Басқармасының өтініші бойынша басылып шығарылатын болған.

«Ашаршылық» терминін ғылыми кең айналымға енгізген
- Дж.Р.А.Конкесттің көмекшісі, Мичиган университетінің «коммунизммен күресу жөніндегі маманы» Дж.Е. Мейс болатын. КСРО ыдырағаннан кейін 1993 жылы, Дж.Е. Мейс Украинаға көшіп келіп, Киев-Могилян ұлттық университетінде, «Украинадағы жаппай қырып-жоюдан кейінгі қоғамның» дамуы туралы ғылыми негіздерін талқылауын жалғастыра берді.

«Ашаршылықты» насихаттау ісі КСРО ыдырағаннан кейін де жалғасын тауып жатты. Тарихта болған адамзат арасында зиянды ойларды жасырын қозғау, көрінеу теріс жалған ақпарат беру, айла-амалмен біреуді қорлау мақсатымен, жала жабу секілді жайттар, жаңа тәуелсіздігін алған мемлекеттер арасында алауыздықты өршітуге бағытталған еді.

«Ашаршылықтың» айқайы Украинаның III-і президенті, Украинаның мемлекеттік және саяси қайраткері В.А. Ющенконың басқаруы кезеңінде ерекше орын алған болатын.
Украин халқын жою үшін «Кеңес өкіметінің қолдан ұйымдастырған ашаршылық шарасы» атты үгіт-насихатының негізгі түйіні ретінде, тек украин халқын ғана аштықтан жою болатын дейтіндер де кездескен. Сонымен қатар, «Яһуди халқы, аштыққан халықты мазақ ете отырып, көшеге шығып, аштыққан халық алдында арнайы нан жеулерін жалғастыруда», деген айыппен «Украина отанының жақтастары» халықтың көңіл-күй әсерін толқытып, күшейтетін мәліметтерді көбейтіп жариялаған.

В.А.Ющенко ашаршылықтан құрбан болғандарды еске алудың ұлттық кітабын да шығарған болатын.
Алайда, украин саясаткері, украиндықтарды, мақсатты түрде қырып-жою туралы түйіндемені жоққа шығарған болатын: Бердянск аймағында сол кезде қайтыс болған 1114 адамның 71% -ы түпкі тұрғылықты орыстар болып, оның 13% -ы украиндар, 16% -ы басқа халықтың өкілдері болып шыққан.

Алайда Украинаның «Ашаршылық құрбандарын еске алу ұлттық кітапшасында», 1932 жылдың 1 қаңтарынан бастап, яғни, Украинада әлі ашаршылық болмаған кезден, 1933 жылдың 31 желтоқсанына дейін, яғни, ашаршылық бітіп қойғаннан кейінгі деректер де тіркеле берген. Бірақ қайтыс болғандардың барлығы бірдей аштықтың әсерінен емес, жазатайым оқиғалардың себебінен де көз жұмғандар көптеп кездесетін болған, мысалы: «нашар алкогольді спирттің әсерінен улану», «өгіздің сүзуі», «аттан құлап мойнын сындыру», «машинамен абайсызда соғықтығысу» және т.с.с.

Қазақстанда да «ашаршылық салдарынан жаппай қазақ халқын қырып-жойды», деген айыптау кінарат тағу жағдайлары да кездескен, мұндағы құрбан болғандардың саны, саяси бағалау деңгейі бойынша 1 миллионнан 1,84 миллионға дейін жетіп артылған. Ал Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіндегі, Қазақстан тарихы кафедрасының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, Х.М. Абжановтің пікірінше, ашаршылықтан қырылған қазақ жұртының санын, «кем дегенде, 3 миллионға» бағалаған.

1930 жылдары қазақтардың жалпы саны - 4 млн. адамға да жетпеген.
Ал 1939 жылғы халық санағы бойынша, түпкі тұрғылықты қазақтардың жалпы саны 3,1 млн. адамды ғана құраған. Қазақ АКСР-ында халық санының азаюы сонымен қатар, халықтың кейбір бөлігінің, Қырғызстан мен Қарақалпақ АКСР-на, Түркіменстан мен Өзбек КСР-на және Кеңес Одағының басқа да аймақтарына қоныс аударуларына байланысты болған (түрлі деректерге сәйкес, шамамен 1,13 млн. адамды құраған). Қытай, Монғолия, Иран және Ауғанстан елдеріне де, көптеген қазақтар қоныс аударған. 676 мың адам отанына, яғни Қазақстанға қайтіп оралмаған.

Ұлтшыл саяси қоғам қайраткерлері қазақ жерінде болған «ашаршылықты» халықаралық аренада, украиндықтардың үлгісін толығымен қайталай отырып, Брюссель мен Вашингтон қалаларына жасаған іс-сапарлары барысында, белсенді түрде алға жылжытқан болатын.

Бірақ, мұрағат дереккөздерінде «белгілі тапты, ұлтты, қоғамды жою ретіндегі ашаршылық» ұғымын растайтын ешқандай деректер жоқ.

1930 жылдардағы КСРО-дағы жаппай ашаршылық тақырыбы ғылыми қауымдастықтар қоғамының тақырыбынан әлдеқайда алыстап кеткен болатын. Бұл тақырып, ұлттар мен мемлекеттер арасындағы этникалық араздықты қоздыру үшін және тарих көздерін таптау, жою құралы ретінде белсенді қолданылуда.
Мұрағат дереккөздерінде «белгілі тапты, ұлтты, қоғамды жою ретіндегі ашаршылық» ұғымын растайтын ешқандай деректер жоқ.
Кеңестік социалистік республикалар одағында болып өткен жаппай ашаршылық, Украина мен Қазақстан жерлерінде өзгеше болды деген пікірдің ешқандай ғылыми негізі жоқ, яғни нақты дәделденбеген. Ашаршылық - саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдарынан болып табылатын әлеуметтік апат.

Тарихи оқиғаларды біржақты түсіндіру әрекеттері, осы оқиғаларға әсер ететін жағдайлардың жиынтығының мүддесіне не жатады, деген табиғи заңды сұрақ туындайды.

1930 жылдардағы жаппай ашаршылық, КСРО тарихындағы ең қорқынышты беттердің біріне айналды. Халықаралық аренада, КСРО-ын, барлық сыртқы байланыстардан үзіп, оқшаулауға бағытталған әрекеттер жағдайында, Кеңес Одағын алдыңғы қатарлы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған саясатқа жұмсалатын негізгі қаражат көзі болып: астықты экспорттау (сыртқы нарыққа шығару) болып саналатын. Ауылшаруашылығын құрудың ойластырылмаған саясаты мен ұжымдастыру шараларының және қолайсыз ауа-райының ахуалдары салдарынан Кеңес Одағы Республикаларында құрбан болғандардың саны едәуір көп болды.

Тарихта болған жан түршігерлік, қорқынышты да болса, барлық жайттарды зерттеп, тұтастай алып қарайтын болсақ ғана, халықтар арасындағы қайғы-қасіреттің, араздықтың негізгі себептерін түсініп, одан белгілі бір сабақ алуымызға болады.

Бірақ, бұл жаппай ашаршылық, жоспарлы түрде, белгілі бір ұлтты, мемлекетті, қоғамды жойу үшін қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістердің нәтижесі ретінде болды ма? Әрине жоқ!-тарихи дереккөздердің растайтын жауабы да осындай.
1930-жылдардағы ашаршылық тақырыбында көп мәліметтер білгіңіз келсе, кәсіби тарихшылардың жазған еңбектерімен танысыңыз:
  • Абылхожин Ж. Б., Козыбаев М. К., Татимов М. Б. Казахстанская трагедия // Вопросы истории. 1989. № 7.
  • Аграрное развитие и продовольственное обеспечение населения Урала в 1928-1934 гг.: Сборник документов и материалов. Т. 1. / Под ред. Г. Е. Корнилова. Оренбург: ОГПУ, 2005.
  • Верхотуров Д.Н. Ашаршылык: история Великого голода. 2010.
  • Голод в СССР. 1929—1934: В 3 т. / сост. В. В. Кондрашин. М.: МФД, 2011.
  • Дэвис Р., Уиткрофт С. Годы голода. Сельское хозяйство СССР, 1931—1933. М.: РОССПЭН, 2011.
  • Зеленин И. Е. Сталинская «революция сверху» после «великого перелома». 1930 - 1939: политика, осуществление, результаты. М.: Наука, 2006.
  • Зима В. Ф. Голод 1921-1922 гг. в Советской России: власть и церковь. М.: Собрание, 2015.
  • Итоги Последгол (с 15/X 1922 г. — 1/VIII 1923 г.): [Сборник] / Авт. статей и материалов М. И. Калинин, А. Н. Винокуров, О. Д. Каменева, Г. Смолицкий, М. И. Моргунов, К. Ландер, Рихард Эринг, Борис Д. Боген, И. Брихничев, Баткис, И. Ворожцов, Ф. Г. Чучин, П. Бакакин, Ястребов. М.: Ликвидком ЦКПГ ВЦИК, 1923.
  • Коллекция документов ГАРФ, РГАЭ, РГАСПИ, ЦА ФСБ России по теме «ГОЛОД В СССР. 1930—1934 ГГ.»
  • Кондрашин В. В. Голод 1932-1933 годов общая трагедия народов СССР // Известия ПГУ им. В.Г. Белинского. 2009. №15.
  • Кондрашин В. В. Голод 1932-1933 годов: трагедия российской деревни. М.: РОССПЭН, 2008.
  • Корнилов В. Голодомор: фальсификация национального масштаба. М., 2015.
  • Лативок Н. П., Мазур Е.А. 1932 - 1933 годы. Голодомор в Европе и Америке. 1992 - 2009 годы. Геноцид в Украине. Факты и документы. Анализ. М., 2009.
  • Осокина Е.А. За фасадом «сталинского изобилия»: Распределение и рынок в снабжении населения в годы индустриализации. 1927-1941. М.: РОССПЭН, 1999
  • Трагедия советской деревни. Коллективизация и раскулачивание. 1927-1939. Документы и материалы. В 5-ти тт. / Т. 3. Конец 1930-1933 / Под ред. В. Данилова, Р. Маннинг, Л. Виолы. М.: РОССПЭН, 2001.
Ia-centr.ru, Лаборатория по изучению общественно-политических процессов на постсоветском пространстве
Made on
Tilda